LRT маңындағы қытай тілінде жазылған баннерлер астаналықтарды таңғалдырды

LRT маңындағы қытай тілінде жазылған баннерлер астаналықтарды таңғалдырды
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанадағы LRT құрылыс алаңдарында қытай тілінде мәтін жазылған баннер пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баннерде мотивациялық сипатта мәтін жазылған. Қала тұрғындарын баннерлер не үшін ілгені қызықтырды. Айта кетейік, елордадағы жеңіл рельсті көліктің бас мердігері - қытайлық компания.

Әлеуметтік желіде баннерлердің бірінің суреті тарады, онда: "Кәсіпорын қауіпсіздікте жеңіске жетеді. Өмір қорғағанға құнды" деп жазылған.

Елордалық көлік компаниясының CTS баспасөз қызметі жазба астына пікір жазып, жағдайды түсіндірді.

"Мердігерлер ұжымдық рухты нығайту үшін осындай баннерлерді іледі. Сондай-ақ, жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасы үшін де баннерлер ілінеді", - деді CTS баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада LRT құрылысы қайта басталды. Кейін елорда әкімдігі Сығанақ көшесінің бір бөлігі нысан құрылысына байланысты үш айға жабылатынын хабарлаған еді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан