Түркістан облысында 11 адам суға батып кетті: тағы бір адамның мәйіті табылды

Түркістан облысында Сырдария өзеніне суға батып кеткен тағы бір адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің мәліметінше, 23 тамызда сағат 10:40-та құтқарушылар суға батып кеткен тағы бір адамның мәйітін тапты. Төтенше жағдайлар департаментінің күштері суға кеткен 11 адамның 10-ның мәйітін тауып, судан шығарды. Іздеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткенін, құтқарушылар тоғыз адамның мәйітін тапқанын хабарланған едік.

Олардың екеуі - әйел, тоғызы - бала. Балардың ең кішісі төрт жаста екен. Суға батқан тағы бір адам іздестіріліп жатыр. 

Кейінірек әлеуметтік желіде олардың суға шомылуға бармағаны, көпір сынып, адамдар содан кейін суға батқаны туралы ақпарат тарады.

Алайда мұны Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Запаров растамады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!