Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитіне қатысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирила Рамафосаның шақыруымен Қасым-Жомарт Тоқаев 24 тамыз күні 15-ші БРИКС саммиті аясында Йоханнесбургте өтетін мемлекеттер басшыларының "БРИКС плюс" диалогы отырысына бейнебайланыс арқылы қатысады.  

Жиында Мемлекет басшысы Шанхай ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы ретінде сөз сөйлейді.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!