Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: бір адам қаза болып, бір бала ауруханаға түсті

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысты: бір адам қаза болып, бір бала ауруханаға түсті

Ақтөбеде автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, бір адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

22 тамыз күні сағат 15:00 шамасында Ақтөбедегі Ө.Сейітов көшесінде ВАЗ–2107 автокөлігі мен DAEWOO автобус соқтығысты.

Салдарынан ВАЗ-да болған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

Сол көліктегі 10 жастағы бала ауруханаға жатқызылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан