Ақтауда осы жылы салмағы 7 келі болатын алғашқы сәби дүниеге келді

Ақтауда осы жылы салмағы 7 келіге жуық сәби алғаш рет дүниеге келді. Перинатал орталық мұны "сирек кездесетін жағдай" деп отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Бір апта бұрын облыстық перинатал орталықта Мұнайлы ауданының тұрғыны, үш баланың анасы салмағы 6 келі 880 грамм болатын нәрестені дүниеге әкелді.

Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, әйел кесар тілігі арқылы өз уақытында босанған. Бүгін анасы мен баласы үйге шығарылды.

"Биыл бірінші рет ірі салмағы бар бала дүниеге келді. Алты келі немесе одан да көп салмақ - өте сирек кездесетін жағдай. Салмағы 4 000 грамнан асатын балалар "ірі", ал салмағы 5 000 грамнан асатын сәбилер "алыптар" деп аталады", - делінген перинаталдық орталық таратқан хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!