Нұрлан имам Қасым-Жомарт Тоқаевтың жазуына тәнті болды

Имам Нұрлан Байжігітұлы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өз қолымен жазған хатын бөлісті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Нұрлан имам Instagram-парақшасында Президенттің қолтаңбасы бар сурет жүктеді. Онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауы жазылған.

"Жібек жолы" - еліміздің ақпарат кеңістігіндегі орны ерекше телеарна. Ел игілігі жолында елеулі еңбек етіп келесіздер! Сіздерге зор шығармашылық табыс тілеймін!" - деп жазған Президент. 

Имамның айтуынша, Президент бұл алғыс хатты өз қолымен толтырған. 

"Неткен керемет жазу. Осы жазуы қалай болса, мінезі мен ұстамдылығы да солай дейді мамандар", - деп жазған Нұрлан Байжігітұлы.

Айта кетейік, Нұрлан имам Jibek Joly арнасындағы "Жұманың кеші" бағдарламасын жүргізеді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз