"Бұл кісілер мұндай жүлдеге мұқтаж емес қой". Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова айтыстан су жаңа көлік ұтып алды

Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова айтыстан су жаңа автокөлік ұтып алды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айтыстан су жаңа автокөлік ұтып алғаны туралы ақын өзінің instagram парақшасына жазба жазып, халықтан сүйінші сұрады. 

"Сүйінші! Араға үш жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр. От ауызды, орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Қарсыласым - Мұхтар Нияз. Әзілі де, әңгімесі де, өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рақмет досым", - деп жазды ақын. 

Одан өзге дәл осы айтысқа қатысқан ақындарға қосымша 1 миллион теңге берілген. 

© instagram.com/sarkanai

Желі қолданушыларының бірі ақынды жеңісімен құттықтаса, енді бірі керағар пікір білдірді.

"Сол ауыл или ауданның ақындарына айтыс жасап, соларға беру керек еді машина мен миллиондарды. Ел мойындаған ақындарды жинап айтыстырып не керегі бар. Одан да қарапайым халықтың арасындағы ақындарға беру керек. Бұл кісілер мұндай жүлдеге мұқтаж емес қой", "Құтты болсын", "Ұзағынан сүйіндірсін", "Құтты болсын Сара қарындасым, бұл алдағы жеңістердің, көліктердің бастамасы болсын",-деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін айтыскер ақын Сара Тоқтамысова екінші рет қызды болғанын және перзентіне ерекше есім қойғаны туралы жазған болатынбыз. Ол қандай есім? Сілтемеге өтіп біле аласыз. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!