Алматыдағы Әл-Фараби даңғылы бойындағы ірі жол апаты: 4 бала зардап шекті

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, жол апатынан 7 адам зардап шекті: 3 ересек және 4 бала.

"Бір адам оқиға орнында ауруханаға жатқызудан бас тартты, екеуін жедел жәрдем бригадасы  қалалық клиникалық аурухана мен орталық клиникалық ауруханаға жеткізді. Олар бас жарақатын алған және денелері көгерген. Барлық медициналық тексеруден кейін олар амбулаторлық емделуге жіберілді", - деді денсаулық сақтау басқармасы өкілдері. 

Төрт бала "Балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына" жеткізілді.

"Барлық қажетті медициналық тексерулер жүргізіліп, балалар арнайы мамандардың тексеруінен өтті. Тексеру кезінде бас-ми жарақаты мен нейрохирургиялық патология деректері анықталған жоқ. Барлық 4 науқас жұмсақ сүйектерінің көгеруі диагнозымен амбулаторлық емдеуге жіберілді", - деді денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Еске салайық, бір күн бұрын бордюр тиелген жүк көлігі Әл-Фараби даңғылының қарсы жолағына шығып, бірнеше көлікпен соқтығысқан еді. Желіде апаттың видеосы пайда болды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!