Тоқаев керамика бұйымдарын шығаратын деревняға барды

Тоқаев керамика бұйымдарын шығаратын деревняға барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Во Ван Тхыонг Хайзыонг провинциясында орналасқан керамика бұйымдарын шығаратын Чу Дао деревнясына бірге барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Екі ел басшылары дайын өнімдерді қарап көріп, керамика бұйымдарын дайындау процесімен танысты.

Содан кейін президенттер арнаулы станокта қыш құмыра жасап көрді.

Қазақстан мен Вьетнам президенттері деревняны аралап көргеннен кейін дайын өнімдерге және құрметті қонақтар кітабына қолтаңбаларын қалдырды.

Чу Дао – тарихы біздің дәуіріміздің XII ғасырынан бастау алатын керамика бұйымдарын дайындаудың көне вьетнамдық әдісі. Бұл қолөнер XIV-XV ғасырларда дамып, XVII ғасырда жоғалып кеткен. Алайда 1980-жылдары Ыстамбұлдағы Топкапы музейінен Чу Дао шеберінің қолынан шыққан құмыра табылды.

2001 жылы Ханой сауда корпорациясы осы ежелгі қолөнерді қайта жаңғыртып, көне технология негізінде толыққанды өндірісті жолға қойды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина