Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатының видеосы тарады

Желіде бордюр тиелген ауыр жүк көлігінің апатқа ұшыраған сәтінің видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видеоны Telegram-дағы арналар жариялады. Видеодан жүк көлігінің аса қатты жылдамдықпен жолды кесіп өтіп, қарсы жолақтағы көліктерге соғылғанын көруге болады.

Еске салайық, жол апаты бүгін, 21 тамызда болған. Жүк көлігі төрт көлікті соғып кетті. Медициналық көмекке алты адам жүгінген, оның ішінде ауыр жүк көлігінің жүргізушісі де бар. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа жүк көлігінің тежегіштері істен шыққан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз