Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатына қатысты тергеу басталды

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған ірі жол апатына қатысты тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Polisia.kz-тің хабарына қарағанда, бұл деректі Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері тіркеген. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Алдын ала болжам бойынша, жол апаты көліктің техникалық ақауынан болған. Жеке тасымалдау қызметін көрсететін жүк көлігінің жүргізушісі К.есімді азаматтың айтуынша, көлігінің тежегіштері істен шыққан.

Жүк көлігі 4 жеңіл көлікті соққан. Медициналық көмекке алты адам жүгінген, оның ішінде жүк көлігінің жүргізушісі де бар.

Еске салайық, бұған дейін Алматыдағы әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болғанын хабарлаған едік.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз