Тоқаев Вьетнамның әскер тарихы музейінен не көрді?

Тоқаев Вьетнамның әскер тарихы музейінен не көрді?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамның әскер тарихы музейіне барды , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мемлекет басшысына музейдің ашылу тарихы таныстырылды, сондай-ақ "Дьенбьенфу түбіндегі ұрыс" атты қысқаметражды деректі фильм көрсетілді.

Содан кейін Президент экспонаттар қойылған залдарды аралап көрді.

Ханойдағы әскер тарихы музейі орналасқан Корольдік цитадель ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енген.

Отыз залы бар әскери музейде 160 мыңға жуық жәдігер мен құжат сақталған. Олар Вьетнамның құрылу және қарулы күштерінің даму тарихымен байланысты.

Музейден елдің тәуелсіздігі үшін болған ұрыстарда пайдаланылған соғыс машиналары мен қаруларын көруге болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан