Қызылорда облысындағы кен орнында өрт шықты: қаза тапқандар бар

Қызылорда облысында "Ақшабұлақ" кен орнындағы өрт шықты. Салдарынан 1 адам қайтыс болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Қызылорда облысында "Ақшабұлақ" кен орнындағы өртке байланысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. 19 тамыз түнгі сағат 02:20 шамасында "Ақшабұлақ" кен орнында цистерна жарылып, өрт болды.

Салдарынан 1 адам оқиға орнында қайтыс болып, 3 адам облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылса, 1 адам медициналық мекемеге көрініп, қайтарылды.

ҚР ҚК 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, мән-жайлар анықталып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!