Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Жүк көлігі бірнеше көлікпен соқтығысты.

Оқиға орнынан түсірілген видео Instagram-парақшаларда пайда болды.

"Әл-Фараби даңғылы бойындағы ірі жол апаты салдарынан жол қозғалысы тоқтатылды, оның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген видеоның сипаттамасында.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігіне бордюрлар тиелген. Оның тежегіші істен шығып, ол қарсы жолаққа шығып кеткен.

Алматы полиция қызметкерлері жол апатына қатысты пікір білдірді. 

"21 тамызда сағат 15:05-де Mercedes автокөлігінің жүргізушісі Жамақаев көшесі бойымен солтүстік бағытта келе жатып, әл-Фараби даңғылының қиылысында бөлгіш қоршауға соғылып, тура жүріп кетіп, даңғылдың бойымен батысқа қарай келе жатқан үш көлікпен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы зардап шекті", - делінген хабарламада. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!