Алматыдағы барахолкада тағы өрт шықты

Алматыдағы барахолкада тағы өрт шықты
Фото: Алматы ТЖД

Алматыдағы Барахолка базарында өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы Байсат базары артындағы контейнерлердің бірінде өрт шыққаны туралы видео пайда болды.

21 тамызда сағат 14:02-де Алматы ТЖД жоғары дәрежедегі күштері мен құралдары Солтүстік айналма тасжолы, 7, Байсат базары мекенжайына жіберілді. Өртсөндірушілер жалпы ауданы 150 шаршы метр болатын екі қабатты контейнерлердің өртін сөндірген.

"Іргелес контейнерлерді сөндіруге және салқындатуға өрт оқпандары енгізілді, автоцистерналар объектінің өрт гидранттарына орнатылып, магистральдық желілер созылып, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Оқиға орнында өртті сөндірудің екі учаскесі құрылып, жоғары температура мен қатты түтін жағдайында газ-түтіннен қорғау қызметінің үш буыны жұмыс істеп тұр", - деп хабарлады ТЖД.

Өрт 25 минут ішінде оқшауланып, сағат 14:50-де толығымен жойылған.

ТЖД кәсіпкерлерге дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауын ескертті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан