20 жастағы жас келін асылып қалған

20 жастағы жас келін асылып қалған
Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Өзбекстанда Ферғана облысында жас келін асылып қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz басылымына сілтеме жасап.

Әйелдің ата-анасы бұған сенбейді, өйткені қыздың денесінде көгерген іздер табылған.

20 жастағы Зулайхо Тоштемирова Япан қаласындағы 30 жастағы ер адамға тұрмысқа шыққан. Тұрмысқа шыққаннан кейін ол туыстарынан алып кетуін өтінген, өйткені күйеуі ұрып-соғатынын жеткізген.

Әйелдің жақындарының айтуынша, сараптама нәтижелері бір аптадан кейін шығады, әзірге оларға жерлеуге рұқсат берілген.

Телефон арқылы қыздың қайтыс болғанын білген ағасы мен әпкесі бірден оның үйіне барып, ауланың қақ ортасындағы бауырларының өліміне куә болған.

Еске салайық, бұған дейін Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған қыздың мәйіті табылғаны хабарланған еді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова