• 451.15
  • 503.11
  • 4.94

Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған қыздың мәйіті табылды

Көкшетауда мектеп ауласында асылып қалған қыздың мәйіті табылды
Фото: автордан

Көкшетауда Әуелбеков көшесі 177 мекенжайында орналасқан №16 орта мектептің аумағында қыз баланың асылып қалғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суыт оқиға туралы 102 арнайы желісіне 20 маусым күні телефон шалынған. Полиция асылып қалған 2004 жылдың 18 қыркүйегінде туған 19 жастағы қыз екенін анықтады.

Қайғылы оқиға орнына Көкшетау қаласы полиция басқармасының жедел-тергеу тобы аттанған. Қыздың Көкшетау қаласының 19 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 105 бабының 1 тармағы (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - дейді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта сараптама тағайындалып, оқиғаның болуы себептерін анықтау шаралары жүргізіліп жатыр.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина