Әнші Назым Әбілдина ерекше гендер пати ұйымдастырды

Әнші Назым Әбілдина ерекше гендер пати ұйымдастырды
Фото: instagram.com/nazym_abilldina

Әнші Назым Әбілдина ерекше гендер пати ұйымдастырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнер иесі бұл туралы өзінің TikTok парақшасында хабарлап, жазба жариялады. Видео 160 мыңнан аса қаралым, 5300 лайк жинаған. Кадрда гендер пати ұйымдастырған әнші ортадан көк түсті шарлар ұшқанда қатты қуанғанын көруге болады. Демек, Назым Әбілдина жуық арада ұлды болады.

"Бұл сезімді сөзбен жеткізе алмаймын. Соңғы 2-3 жылда менің өмірімде көптеген өзгерістер болды. Мен осы уақытты отбасыммен және жақын адамдармен өткіздім. Жақсы жаңалығыммен келдім. Сіздермен қуанышымды бөлісейін",- деп жазды ол.

@nazym_abildina

Эти чувства не описать словами? За эти 2-3 года столько всего произошло в моей жизни? Я решила прожить эти моменты с родными и близкими мне людьми. Теперь когда вернулась, решила и с вами поделиться своим счатьем?

♬ Мой рай - JONY

Желідегі парақшасында әншіні құттықтап оқырмандары пікір қалдырды.

"Жұғысты болсын", "Керемет сезім, бөпесі қасында", "Құттықтаймын", "Бізге де жұғысты болсын", - деп жазды олар.

Айта кетейік, бұған дейін әншінің ұзатылғаны туралы жазған болатынбыз. Ол туралы сілтемеге өтіп оқи аласыз.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Е. Ерболұлы