Оралда мас әйел жол бойына жатып алған - видео

Желіде жол бойында жатқан әйелдің видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік желіде Оралда адам көп жүретін көшелерінің бірінде жерде жатқан әйел бейнеленген видео жарияланды. Видеода әйел жолда жатып, көлік қозғалысына кедергі келтіргені көрінеді. Жүргізушілер мен өтіп бара жатқан адамдар оны бірнеше рет қауіпсіз жерге апарғанымен, ол қайтадан жол бойына барып жатып алған. Куәгерлер полиция шақыруға мәжбүр болды.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, оқиға 20 тамызда Құрманғазы мен Молдағұлова көшелерінің қиылысында болған. 43 жастағы әйел қоғамдық тәртіпті бұзды. Ол мас күйде болған. Тәртіп сақшылары оны ішімдік ішкені мен қоғамдық орындарға мас күйінде шыққаны үшін ұстап, әкімшілік хаттама толтырды.

Әйел Оралдағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!