Астана әкімдігі гранттарын кімдер алды? Тізім

Астана әкімдігі гранттарын кімдер алды? Тізім
Фото: elements.envato.com\көрнекі сурет

Астана әкімдігі 2023-2027 оқу жылына арналған білім гранты иегерлерінің тізімін бекітті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астана әкімдігінің грант иегерлері тізімін мына жерден көре аласыздар.

2023-2027 оқу жылдарына Астана қаласының әкімдігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 1 084 білім грантын педагогикалық мамандықтар бойынша (дене шынықтыру, шет тілі, география, тарих, Педагогика және психология, математика, информатика, орыс тілі мен әдебиеті, физика, химия, биология мұғалімдері, шетті тілі), гуманитарлық пәндер бойынша исламтану, дінтану, Теология), медициналық (резидентура) бөліп келеді.

ҰБТ-дан өткен және оның нәтижесі бойынша "Педагогикалық ғылымдар" білім беру саласы бойынша кемінде 75 балл жинаған талапкерлер, педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім грантына үміткер бола алды.

Мемлекеттік білім грантына үміткерлерден құжаттарды қабылдау 5-15 тамыз аралығында жүргізілді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Д. Шәріпхан