Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақынына ат сыйлады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа айғыр сыйлады. Бұл туралы Президент Әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің басшысы Дайырбек Орынбеков Facebook-парақшасында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Орынбековтің сөзінше, 13 тамызда клубтар арасында көк-бөріден әлем кубогының ашылуы кезінде Садыр Жапаров Бішкекте қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевты сыйлық күтіп тұрғанын айтқан. 

Ал 20 тамызда Президент істері басқармасының басшысы Каныбек Тумонбаев ақынға Жапаровтың сыйлығын жеткізген. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!