Билік адамды қалай өзгертеді?

Бай және ықпалды адамдардың өмір сүру стилі мен өмірге деген көзқарасы басқаша болатынын байқаған боларсыз. Ғалымдардың ойынша, билік пен күш адамның мінезі мен тұлғалылығына әсер ете алады.

Эмпатияны азайтады

Билік адамдардың эмпатияны аз көрсетуге мәжбүрлейді. Мұндай шешімге 2003 жылы АҚШ ғалымдары келді. Зерттеу қатысушыларына бақыт, мұң, үрей немесе ашу көрсетіп тұған жиырма төрт адамның суретінінен тұратын жинақ көрсетеді. Олар суретте қандай эмоция көрсетіп тұрғанын табу қажет болды. Нәтижесінде, қолында билігі бар қастысушылар басқалардың сезімдерін көбіне дұрыс таппайды, ал билігі жоқ адамдар керісінше, жиі дұрыс тапқан. Зерттеу авторы Джо Маги былай дейді:

"Билік эмпатияның азаюына ықпал етеді, бірақ оған әсер ететін басқа бірнеше аспектіні ескеру қажет. Кей адамдар табиғатынан айналасындағылардың қайғысына ортақтаса алмайды. Сондай-ақ эмпатияны азайту көп міндеттердің ішіндегі маңыздысына басымдық беру әдісі болуы мүмкін".

Батылырақ болуға көмектеседі

Билік оның иесіне тек жағымсыз әсер етпейді. 2013 жылы АҚШ-та өткен зерттеу билік батылырақ болуға, сондай-ақ қиын жағдайдан шығудың шешімін жылдам табуға көмектесетінін көрсетті.

Зерттеу қарапайым болды: бір топ қатысушыларды олардың күшті және өктемшіл екеніне сендірді. Ал келесі топқа керісінше айтады. Содан соң оларды дауысы ызылдақ желдеткіші бар бөлмеге жұмыс жасауға кіргізді. Өзін күшті сезінгендер оны еш күмәнсіз немесе қысылмай сөндіріп тастады. Ал өздерін әлсіз сезінгендер жағымсыз дыбысқа шыдап, ондай қадамға бара алмады. Зерттеу авторы Дженнифер Уитсон былай дейді:

"Билік шектеулер түсінігін азайтады және адамды жылдам әрекет етуге итермелейді. Өктемшіл адамдар да абстрактылы ойлайды, олар ұсақ детальдарға қарағанда жалпы картинаны көреді. Олар мақсатқа жету жолында шектеулер жайлы азырақ ойлайды, сондай-ақ олар тәуекелдерді азайтуға бейім және күйзеліске сирек шалдығады".

Екіжүзді мінездің пайда болуына ықпал етеді

Екіжүзділік – қолында билігі бар адамда пайда болуы мүмкін мәнез-құлық. 2010 жылы Нидерландтық Джоррис Ламмерс жүргізген зерттеу осындай тенденцияны байқады.

Сауалнама барысында билікке ие қатысушылар басқаның өтірігіне төзбейтіндерін айтты. Ал басқа қатысушылар өтірік айтқан адамды ұстап алған кезде кешірген. Зерттеу қатысушыларына үлкен ақшалай өтемақы алу үшін өтірік айту мүмкіндігін береді. Билікке ие қатысушылар көп жағдайда екіжүзділік көрсетіп, пайда үшін өтірік айтқан. Екінші топ та солай істеген, бірақ сирек. Джоррис Ламмерс зерттеу нәтижесіне былай пікір білдіреді:

"Билікке ие адамдар қалаған нәрсесін алады, себебі оған құқығым бар деп ойлайды. Ойлаған нәрсеге қандай жолмен баратыны олар үшін маңызды емес. Ал билікке қатысы жоқ адамдар өтірік жолмен бірдеңе алуға құқығы жоқ деп санайды және өзінің жазаланбайтынына сенбейді".

Басқаның ықпалына түспеуге көмектеседі

Адам Галинский жүргізген зерттеу билік адамдарды басқаның көзқарасын азырақ қабылдауға итермелейтінін көрсетті.

Бір топ қатысушыны олардың билікке ие және күшті екеніне сендіреді, ал екінші топқа керісінше айтады. Содан соң оларға айнаға қарап, маңдайларына өз қалауларынша "е" әрпін салуды сұрайды. Яғни, әріпті басқалар үшін дұрыс тұратындай немесе өзі үшін дұрыс тұратындай етіп салуға болатын.

Өздерін билікке ие санағандар 2-3 есе жиі әріпті басқалар үшін теріс қарап тұратындай етіп салған. Яғни, олар басқаларға оны оқу ыңғайсыз болатынын ескермеген, оның орнына өз қалауы мен өз көзқарасын таңдаған. Ал қолында билігі жоқ деп санаған топ көп жағдайда басқалардың көңілінен шығу үшін әріпті оларға дұрыс оқылатындай етіп салған.

Еске салайық, бұған дейін өтірік айтатын адам қандай сөздерді жиі айтатын жазған болатынбыз.