Лосьон, маска, тонер: қолжүкке қандай косметикалық заттарды салуға болады?

Лосьон, маска, тонер: қолжүкке қандай косметикалық заттарды салуға болады?
Фото: pexels.com

Кейде қолжүктегі кейбір заттар әуежайдағы тексерістен өтпей, қызметкерлер оны оны өзіңізбен әкетуіңізге тыйым салып жатады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін қолжүкке қандай заттарды қандай мөлшерде салуға болатынын алдын ала біліп алғаныңыз артық болмайды.

FlyArystan әуе компаниясы жолаушыларға қолжүгінде тасымалдауға болатын косметикалық заттардың тізімін ұсынды.

Сұйықтықтың көлемі 100 мл-ден аспаса, төмендегілердің бәрін қолжүгіне салуға болады:

  • Сәндік косметика (тушь, ерін далабы, тоналды крем, консилер және т.б.);
  • Косметикалық күтім құралдары (мицеллярлық су, бет жууға арналған сабындар, тонер, маска, скраб және т.б.);
  • Сондай-ақ қырыну көбігі, кремдер, лосьондар, майлар, әтірлер, спрейлер, сусабындар, маскалар, шашқа арналған кондиционерлер, шаш гельдері, душқа арналған гельдер, дезодорант, тіс пастасы - мұның барлығын, егер әрбір контейнердің көлемі 100 мл-ден аспайтын болса, қолжүгінде тасымалдауға болады.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан