ҚР Президентінің Теле-радиокешені Иорданияның медиа компанияларымен ынтымақтастық орнатпақ

ҚР Президентінің Теле-радиокешені Иорданияның медиа компанияларымен ынтымақтастық орнатпақ
Фото: @ptrkkz

Иордания астанасы Амманда Қазақстан Президенті Теле-радиокешенінің делегациясы БАҚ саласындағы өзара іс-қимылды дамыту мәселелері бойынша Иорданиялық медиа компаниялармен келіссөздер жүргізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Тараптар Қазақстан мен Иорданияның медиа саласында өзара іс-қимылдың үлкен әлеуетінің бар екенін атап өтті. Кездесу қорытындысы бойынша Фейсал Шбул ағымдағы жылдың соңына дейін Қазақстанда Petra ақпараттық агенттігінің өңірлік корреспонденттік пунктін ашуға дайын екенін білдірді.

Сондай-ақ, Petra Иордания ақпараттық агенттігінің бас директоры Файруз-әл-Мубайидинмен келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті ТРК мен Petra арасында ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

Қазақстан Президенті ТРК басшысы Раушан Қажыбаева "БАҚ-пен өзара іс-қимыл бөлігі болып табылатын гуманитарлық байланыстарды дамытудың" маңыздылығын атап өтіп, олардың Қазақстан мен Иордания арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтудағы рөліне жіті тоқталды. 

Өз кезегінде Petra Бас директоры Файруз-әл-Мубайидин жаңалықтар материалдарымен алмасуға, арнайы жобаларды бірлесіп іске асыруға және корреспонденттік желілердің ресурстарына қол жеткізуге бағытталған қол қойылған меморандумның маңыздылығын айтты.

Құжат Қазақстан мен Иорданияда оқырмандардың хабардар болуына және екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастардың дамуына ықпал ететін болады.

Амманда болған күндері Иорданияның бірқатар ірі телеарналарының басшыларымен, соның ішінде Jordan Media city секілді беделді жоғары оқу орындарының басшыларымен "медиа индустрия үшін мамандар даярлау" бойынша келіссөздер өтеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Зинешов