Квастың адам ағзасына пайдасы мен зияны

Квастың адам ағзасына пайдасы мен зияны
Фото: vm.ru

Квасты көп мөлшерде ішу денсаулыққа зиян тигізуі мүмкін. Бұл туралы медицина ғылымдарының докторы, диетолог Михаил Гинзбург айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Вечерняя Москва басылымына сілтеме жасап.

"Квасты дайындаудың ежелгі әдістері қазіргіден өзгеше болған. Бұрын бұл алкогольдік сусын болған, орыс тілінде "наквасил" сөзі болуы кездейсоқ емес. Қазір бұл өнімде этил спирті жоқ, бірақ оның құрамына көбінесе қанттың шамадан тыс мөлшері кіреді", деп атап өтті диетолог.

“Квас қазір қанттың артық мөлшерімен жиі дайындалады. Осы жерден артық салмақ қосу және қант диабетінің даму қаупі бар” - деп ескертті Гинсбург Sputnik радиосына берген сұхбатында. Семіз немесе қант диабетімен ауыратын адамдар тәтті квасқа абай болуы керек.

Дәрігер тіпті сау адамның өзіне норма бойынша квасты күніне бір-ақ рет тамақтан кейін ішу абзал екенін айтты. Асқазан аурулары бар болса, квасты ішуден бас тарту керек. Дегенмен, бұл сусында пайдалы компоненттер де бар, мысалы, лакто және бифидобактериялар.

Квас қара бидай мен арпа уытынан өндірілетін, ағзадағы процестерді ретке келтіруші сусын. Квас ұйыған сүт өнімдері сияқты ас қорыту жүйесін реттеп, зиян және ауру туғызатын микробтардың пайда болмауын қадағалайды. Адамның көңіл күйіне жағымды әсер етеді және зат алмасу, жүрек-қан тамырлары жүйесінің  жұмысын жақсартады. Сусынның айтарлықтай адам ағзасына зияны болмағанымен, қалыпты мөлшерде ішу керек.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Қ. Әбілдәқызы