Тоқаев Вьетнамға ресми сапармен барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Мемлекет басшысын Ханойдың "Ной Бай" әуежайында Вьетнам Президенті кеңсесінің жетекшісі Ле Кхань Хай және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар қарсы алды.  

Сапар аясында жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіледі және Вьетнамның іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізіледі деп жоспарланып отыр.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының президенті Во Ван Тхыонгтың шақыруымен 20-22 тамыз күндері Ханойға ресми сапармен баратынын хабарлаған едік.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!