Құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен туристерді түні бойы іздеді

Құтқарушылар Алматы тауларында адасып кеткен туристерді түні бойы іздеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 20 тамызда Іле Алатауы тауларындағы Каменский шыңынан түсу кезінде үш адам адасып, құтқарушыларға қоңырау шалған.

Түні бойы іздеу жүргізіліп, сағат 06:40-та РЖҚЖ мен қаланың құтқарушылары бірінші адасқан туристті тапты.

Екі жарым сағаттан соң Қарғалы шатқалы аумағында тағы екі турист табылды.

Құтқарушылар таулы жорыққа шықпас бұрын, жақындарыңызға жоспарларыңыз туралы хабарлап, бағытты, сондай-ақ қайту уақытын қысқаша айтып қоюды ескертті.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!