"МАЭК"-тегі апат: Маңғыстау облысында электр энергиясын берудегі барлық шектеу алынып тасталды

"МАЭК" ЖШС ЖЭС №3 энергоблоктағы жөндеу жұмыстары аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, жұмыс барысында генератор роторының байланыс сақиналары мен оқшаулағыш жеңі жөнделді. 

"Оқшаулау өлшемі оң нәтиже көрсеткен соң щеткалы-байланыс аппараты орнатылды. Одан соң энергоблокты іске қосуға дайындық жұмыстары жасалды. Жөндеу жұмыстары үзіліссіз тәулік бойы жүргізілді. Энергоблок 19 тамызда іске қосылды. МАЭК қызметкерлері орын алған төтенше жағдайды тезірек жою үшін жұмыла еңбек етті", - делінген хабарламада.

Сағат 12:00-дегі жағдай бойынша электр энергиясын берудегі барлық шектеу алынып тасталды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!