"Өмірде өте сабырлы". Қазақстандық қыз Ыстамбұлда Серкан Болатты кездестірді

"Өмірде өте сабырлы". Қазақстандық қыз Ыстамбұлда Серкан Болатты кездестірді
Фото: видеодан кадр

Қазақстандық көрермендер арасында түрік сериалдары өте танымал. Көптеген адам өмірде кино кейіпкерлерімен кездесуді армандайды. Желіде танымал түрік актерін көріп қана қоймай, естелікке суретке түсе алған қазақстандық қыздың бейнеролигі талқыланып жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

23 жастағы Құралай Қайырбаева Павлодарда туып-өскен. Жақында ол Ыстамбұлға барады және сол жақта "Есігімді қақ" ("Постучись в мою дверь") сериалының жұлдызы Керем Бюрсинді кездестіреді. Бұл жайлы ол әлеуметтік желісінде айтады. Бұл ролик әлеуметтік желі қолданушыларының назарына түсіп, 700 мыңнан аса қаралым жинады.

@kuralai_kairbaeva Ответ пользователю @Ухтишка ?? #серканболат #пвмд #турецкиесериалы #рек #керембурсин ♬ speed songs Sen cal kapimi - //

Роликтің астына мыңнан аса пікір қалдырылған және әлеуметтік желі қолданушыларының көпшілігі Серкан Болат рөлін орындайтын актерді өмірде көргісі келетінін жазған.

"Қандай керемет! Мен оның бойы ұзын екен деп ойладым", "Мен сен үшін шын жүректен қуаныштымын", "Жоқ, жоқ, мен көре алмай жатқан жоқпын", - деп қалжыңдаған әлеуметтік желі қолданушылары.

Құралай Қайырбаева Tengri Life редакциясына түрік сериалдарын жақсы көретінін және актердің қай жерде екенін Instagram арқылы білгенін айтты.

"Иә, мен ол жерге онымен суретке түсу үшін әдейі бардым. Менің білуімше, түсірілім әлі жалғасып жатыр. Керем Бюрсинді көргеніме қуандым. Сериал баяғыда бітсе де, бәрі оны Серкан рөлінде көріп үйреніп қалған. Қазір ол жаңа рөлді сомдап жатыр. Ол өмірде өте сабырлы. Актер шаршағанына қарамастан, суретке түсуге қарсы болмады", - деді ол.

Еске салайық, Керем Бюрсин 1987 жылы Ыстамбұлда дүниеге келген. Ол "Есігімді қақ" сериалындағы рөлімен танылды.

"Сүлеймен Сұлтан" сериалының актерлері қазір немен айналысады?

А. Жапатова