Қарағанды ​​облысы әкімі орынбасарының жиені "Вагнер" құрамында соғысып, қаза тапқаны рас па?

Қарағанды ​​облысы әкімі орынбасарының жиені "Вагнер" құрамында соғысып, қаза тапқаны рас па?
Фото: gov.kz

Қарағанды ​​облысы әкімінің баспасөз хатшысы өңір басшысы орынбасарының Вадим Басиннің "жиені" "Вагнер" құрамында соғысып, қаза тапты деген ақпаратқа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, бұл ақпарат - жалған.

"Құрметті журналистер мен "Фейсбук" және басқа да әлеуметтік желілердің белсенді пайдаланушылары!

Бүгін кейбір пабликтер Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин туралы жалған ақпараттарды тарата бастады. Вадим Басиннің айтуынша, оның жиендері жоқ. Сондықтан оның жиені ЧВК "Вагнер" құрамында соғысты деген ақпарат шыңдыққа жанаспайды", - деп жазды ол.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан