Ақтөбеде 26 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап, мерт болды

Ақтөбеде қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

18 тамыз күні жедел басқару орталығына көпқабатты үйдің балконынан қыздың құлағаны туралы хабар түсті.

Полиция қызметкерлері тоғыз қабатты үйдің 7-қабатының балконынан секірген 26 жастағы қыздың мәйітін тапты.

Ол алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қайтыс болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!