"Адасып жүре берер ме едім?" Құралай ханым Айгүл Елшібаеваға алғыс айтты

"Адасып жүре берер ме едім?" Құралай ханым Айгүл Елшібаеваға алғыс айтты
Фото: Instagram/quralai_hanum

Блогер, психолог ретінде танымал Құралай ханым Аман Тасығанға берген сұхбатында Talk Like бағдарламасында дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаевамен арада қандай келеңсіз жағдайлар болғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева Құралай ханымның ақылы тренингтер мен дәрістері елді адастырып жүр деп айыптаған еді. 

Ал психолог қазір әншіден шын жүректен кешірім сұрайтынын жеткізді.

"Бұл (cын - еск.) екі жылға созылды ғой. Басында қабылдай алмадым. "Менде қате болмау керек" деген пендешілігім болды. Екінші уақыттарды менде де қате бар екен ғой деген түсінік келді. Кейін тіпті өзімнің жасап жүргендерімнен ұялып кеттім. Әрбір қазаққа бір Айеке болса, Қазақстан дамып кетер еді. Айгүл Елшібаева жаныма, рухыма көп көмек берді. 90-ға келіп, осы қалпымда адасып жүрер ме едім. Есімді жиюға мықты көмек болды. Көп қатені түсіндім. Меккеге барып келгеннен кейін Айгүлге рақметімді айттым. Ризамын. Қаншама түндер, ұйықтамаған кездер болды. Өте қатты қиналдым. Денсаулығым құртыла бастады. Содан кейін өз-өзіме келдім. Кейінгі бір жылдары "неге кешірім сұрай алмадым" деген болды. Мені жақсылап тұрып тәрбиеледі. Пост жазғанда, астыңызға ат мінгіземін деп жазғанмын. Осыны пайдаланып та ол кісіден қырсық қыңыр мінезіммен, пендешілігіммен, өте төмен лас адам болып, мазасын алғаныма кешірім сұраймын", - дейді ол.

Оның сөзінше, бір кездері тіпті әлеуметтік желіні ашуға қорқатын сәттер болған.

"2020 жылдан бастап менде күйзеліс болды. Айгүл жаза бастағаннан күнделікті Instagram-ды ашуға қорқатынмын. Таңертең тұрғанда қолым дірілдеп ашатын. Содан кейін сол нәрсе мені күйдіріп жібергенін түсіндім", - дейді блогер.

Айта кетейік, бұған дейін танымал психолог Құралай ханым буддаға қандай қатысы болғанын мәлімдеген еді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова