"Әр қаладан 10 миллионнан алдым". Құралай ханым қанша табыс тапқанын айтты

"Әр қаладан 10 миллионнан алдым". Құралай ханым қанша табыс тапқанын айтты
Фото: Instagram/quralai_hanum

Блогер, психолог ретінде танымал Құралай ханым Аман Тасығанға берген сұхбатында Talk Like бағдарламасында қанша табыс тапқанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның сөзінше, 7 қаланы аралап, қыруар қаржы тапқан.

"Санамаймын. Басында бір-екі жыл пайда таппадым. 2019 жылы бір жазда Қостанай, Семей секілді 7 қалаға бардым. Сол кездерде болды. Әр қаладан 10 миллионнан алдым", - дейді ол.

Ол бағдарламада табысы туралы сұраққа ыңғайсызданғанын жасырмады.

"Тапқан ақшамды жасырып қалған шығармын. Үй алғанымды айтайын ба, Lexus-ті орталықтан алғанымды айтайын ба, ел тағы "елді алдап ақша таптың" деп жазып кете ме деген қорқыныш болды. Ел вагон-вагонмен жұтып жатыр ғой. Мен 3000 мың теңге алып едім. Есесіне салық төлеймін. 2008 жылдан бері жеке кәсіпкермін. Хейттер "елді алдап ақша тапты" дейді. Шын ниетім "мен білгенді ел білсін" дедім", - дейді блогер.

Айта кетейік, бұған дейін танымал психолог Құралай ханым буддаға қандай қатысы болғанын мәлімдеген еді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова