"Қазақстан" шахтасындағы өрт: үш кенші әлі табылмай жатыр

Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында болған өрт салдарынан жер астында қалған 3 кенші әлі іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

222 кенші аман есен жер астынан шығарылды. 2 кеншінің денесі оқиғадан 7-8 сағат өткеннен кейін ғана табылды. 13 кеншінің басы ауырып, құсып дәрігерлерге қаралған. Оның 4-і ауруханаға жатқызылды. Осы оқиғаға қатысты жедел штаб құрылған.

Төтенше жағдай туралы ақпарат диспечерге таңертең сағат 9:30-да түскен. Кейін бірден құтқарушылар шақыртылады. Белгілі болғандай "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ның Көмір департаментіне қарасты "Қазақстан" шахтасында конвейер таспасы өртенген. Будақтаған қою қара түтіннен жер астындағы мамандарды бірден алып шығу қиынға соғыпты.

"222 кенші жер үстіне шығарылды. Құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жаңа штаб өткіздік сол жерде топты басқарған басшы бізге баяндама жасады. Қазір жұмыстарын жасап жатыр", - деді оқиға орынына барған облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев.

Қазір жедел штаб құрылып іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Мамандар кеншілерде өзін-өзі құтқару құрылғысы болған дейді. Бірақ ондағы ауа шамамен 5-6 сағатқа ғана жетеді екен. Құтқарушылардың айтуынша қара түтін іздестіру жұмыстарына кедергі келтіруде. Сондықтан ең бірінші түтінді тарқатып, содан кейін іздеу жұмыстарын күшейте түспек.
Дәрігерлерге қаралған 13 кеншінің екеуі Шахтиснк қаласының аурухасына жатқызылса тағы 2-уі облыс орталығына жеткізілген. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер кеншілердің қатты уланғанын айтады.

"Жағдай бір қалыпты ауыр дәрежеде. 4 науқас Шахтинск орталық ауруханасына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде дәрігерлер қарап, бірінші көмегін беріп, қазір біздің ауруханаға ауыстыруға кіріседі", - деді Қарағанды облысының бас штаттан тыс токсикологы.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!