Асы үстіртінен қайтар жолда көлік тасқа соғылып, алматылық жігіт жарақат алған

Асы үстіртінен қайтар жолда көлік тасқа соғылып, алматылық жігіт жарақат алған
Фото: видео кадры/турист ұсынған сурет

Желі қолданушылары Асы үстіртіндегі "ұмытылмас сапарды" әлі талқылап жатыр. 12 тамызда 200-ден аса адам таңғажайып саяхат болады деген сеніммен, жұлдыздар ағатын сәтті тамашалауға аттанған. Алайда, ауа райының қолайсыздығы, яғни жаңбыр мен қатты жел бұл жоспарға кедергі келтірді. Асыдан қайтар жолға шыққан көлік апатқа ұшырап, зардап шеккендер де бар екені анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Travel-ге сілтеме жасап.

"Түндегі апат"

Ислам - саяхатқа шыққан туристердің бірі. Бірақ, Ислам ауа райы мен "турдың нашар ұйымдастырылғанына" байланысты Асы үстіртінен кетуге асыққан. Жаңбыр астында қалып, ылғал шатырларда түнеу мүмкін болмағандықтан, ол қалаға қайтудың мүмкіндіктерін іздей бастаған. Жолы болып қалаға қайтатын көліктен орын ала алған.

"Жүргізуші шаршаған, нәтижесінде рөлде отырып ұйықтап кетті. Тасқа соқтығыстан кезде барлығымыз ояндық. Оянған кезімде шекемнің кесілгенін байқадым. Жолдастардың көмегімен жараны таңып, кейін көлікті жөндеуге кірістік. Қалаға оралу қиын сынақ болды. Бақытымызға орай қалаға аман жеттік, ауруханада маған ұзындығы алты сантиметр бес тігіс салды", - деді Ислам.

Ислам ұсынған сурет

Исламның айтуынша, түнгі апаттан төрт адам зардап шеккен. Жарақат алған қыздың бірі көзінде гематома пайда болған, ал басқаларында көгерген, сырылған жаралар бар.

"Менің оқиғам K.K.Tour ұйымдастырушыларының төтенше жағдайға дайын емесін көрсетеді. Ауа райы белгілі болды, бірақ компания адамдарды қауіпті жорыққа жіберуден бас тартқан жоқ. Мүмкін, мұқият дайындық пен жоспарлау мұндай қиындықтардың алдын алатын еді. Мен бұл сапарды ешқашан ұмытпайтындай жарақат алдым", - деп жалғастырды жігіт.

Турды ұйымдастырушылар жігітпен әлі де байланысқа шықпаған көрінеді. Полицияға арыз жазбаған Ислам экскурсия жетекшілері мен жүргізушісіне ешқандай шағымы жоқ екенін баса айтты.

"Маған ешқандай өтемақы қажет емес. Тек туристермен жұмыс жасай алмайтын K.K.Tour компаниясы жабылғанын қалаймын. Өйткені, бұл қауіпті", - деді ол.

Тур ұйымдастырушысының жауабы

Редакция корреспонденті жағдай туралы түсініктеме алу үшін компания өкілдерімен байланысқа шықты. Компания қалаға қайтқан көліктердің бірі апатқа ұшырағанын растады.

"Біз жүргізушіге хабарластық. Ол туристердің еміне кететін барлық шығынды өтейтінін айтты. Біз жарақат алған жігітке толық соманы қайтарғымыз келді, бірақ ол өтемақы талап етіп, ұсынысымыздан бас тартты. Емдеу шығындарын жүргізуші өтеуге дайын", - деп жауап берді компания өкілдері.

Айта кетейік, турды ұйымдастырушылар бұған дейін туристерге толық соманың 3 мың теңгесін қайтаруға уәде берген болатын. Ақшаның қайтарылмағанын қатысушылардың бірі нақтылады. Компания бұл мәселемен әлі де айналысып жатқандықтарын айтып, туристерге ұйым менеджерлеріне жүгінуді ұсынды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Д. Шәріпхан