Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Президентке есеп берді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Президентке есеп берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Марат Ахметжанов:

  • еліміздегі криминогендік ахуал жөнінде мәлімдеді;
  • қылмыс санының азайғаны жөнінде баяндады;
  • CyberPol жобасының нәтижелерімен таныстырды;

Есірткі қылмысына қарсы күрес бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстардың қорытындысы туралы есеп берді:

  • жыл басынан бері құқық қорғау және арнаулы органдардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде 14,3 тонна есірткі, соның ішінде 71,5 кг героин, 652 кг синтетикалық есірткі тәркіленген;
  • ІІМ күштері 52 есірткі зертханасын жойып, 85 тонна прекурсор тәркіленген;
  • ұйымдасқан қылмыстық топтардың әрекеттері бойынша 37 қылмыстық іс тіркелгенін айтты;
  • адам саудасына байланысты 111 қылмыс анықталғанын хабарлады;
  • отбасылық-тұрмыстық салада зорлық-зомбылық жасағандарға қатысты жауапкершілікті қатаңдату шаралары туралы баяндады;
  • жол-көлік оқиғаларының алдын алу және шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстарының нәтижелерін ұсынды.

Президент құқық қорғау органдарына азаматтардың конституциялық құқықтарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен бірге Қасым-Жомарт Тоқаев ІІМ басшылығына құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина