Маңғыстауда 7 миллиард теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды

Маңғыстауда 7 миллиард теңге болатын жер телімдері мемлекетке қайтарылды
Фото: © Владимир Прокопенко/көрнекі сурет

Маңғыстауда құны 7 миллиард теңге болатын жер учаскелері мемлекетке қайтарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша биыл мемлекетке құны 7 миллиард теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың гектар 94 жер учаскесі, оның ішінде "Алтын учаскелер" деп аталатын жерлер қайтарылды.

"Мысалы, жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 миллиард теңге болатын 255,5 гектар 6 жер телімдері қайтарылды. Сондай-ақ, прокурорлар жер заңнамасын бұза отырып, берілген жерлерді мемлекет меншігіне қайтарған. Атап айтқанда, құны 1 миллиард теңге "OilRealEstate" ЖШС тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген", - делінген хабарламада.

Жекелеген аудандарда шамамен 60-қа жуық ауылшаруашылық жерлер мал басы санының жайылымдардың жалпы алаңына шекті рұқсат етілген жүктеме нормаларына сәйкес келмеу себебінен толық көлемде пайдаланылмаған (20 пайыздан - дан аз).

"Жауапты тұлғалармен учаскелерді уақтылы түгендемеуі өңірдегі жер ресурстарын ұтымсыз және тиімсіз пайдалануына әкелді. Қадағалау актілерімен кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан