Қыз ұзату кезінде сыңсудың орнына салауат айту дұрыс па?

Қыз ұзату кезінде сыңсудың орнына салауат айту дұрыс па?
Фото: "Қыз Жібек" фильмінің кадры

Дінтанушы Абдусамат Қасым ұзатуда сыңсудың орнына салауат айту қаншалық дұрыс екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі islam.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Сыңсу, бұл - қыздың ұзатылар алдындағы ел-жұртымен, ағайын-туыс, құрбы-құрдастарымен, туып-өскен жерімен қоштасуы ретінде айтылатын үрдіс. Бұл үрдісті, әсіресе бұрынғы заманда "судай сіңіп, тастай бат" деген қағидамен және "қайта келген қыз жаман" деген түсінікпен, "енді қашан келемін, енді қашан көремін" деп қыз байғұстың еліне деген, ата-анасына деген сағынышын күннен бұрын білдіру әдісі деп түсінуге болады", - дейді дінтанушы. 

Сондай-ақ, Абдусамат Қасым сыңсу үрдісін қимастықтан туындаған қыздың сол сәттегі эмоционалдық жай-күйінің көрінісі деу де қате емес екенін айтады.

"Қазір де де ата-анасын қимай, көзіне жас алып, жылап қоштасып жататындар бар. Осындай жай-күйден сыңсу өлеңдері туған. Алайда сыңсу үрдісін жаңғырту әркімнің өз еркіндегі іс екендігі жасырын емес, мысалы, қазіргі таңда көп жағдайда ұзатылып жатқан қыздан сыңсуы талап етілмейді. Онсыз да, қыз көңілі босап, көзіне жас алып, жылап қоштасып жататын жайы бар. Ал сол сәтте салауат жырын қойып қойса немесе діни өлең қойып қойса яки қазақша сыңсу өлеңі қойылып, не болмаса жар-жар айтылып және сондай әуендердің сүйемелдеуімен қыз ұзатылып кетіп жатса, оның еш ағат тұсы жоқ", - дейді маман. 

Еске салайық, бұған дейін Желіде Құран дауысымен ұзатылған қыздың видеосы тараған болатын. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?Kelin TV 200 k Turkistan (@kelin_tv)

Желі қолданушылары бұндай қазақта болмаған деп пікір қалдырды. 

"Бұл деген халықты шатастырып, бара-бара вахабистердің істеген істерін жасайын деп тұрған адамдар ол молдалар мен имамдар", "Өлген адамды Құранмен шығарып салмай ма? Бұл той емес па?", "Араб емеспіз ғой, үйден ұзата салмадың ба?", "Жаназасын шыгарып жатыр ма. Топас кім істесе де. Құран тойда емес мешітте оқылады", "Қазақтың мағыналы киімін, әндерді, дәстүрлердің быт-шытын шығарды осы арапқұлдар", - деп жазды олар.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина