Қазақстанда туристік қызметтен түскен салық мөлшері рекордтық көрсеткішке жетті

Қазақстанда туристік қызметтен түскен салық мөлшері рекордтық көрсеткішке жетті , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ұлттық банк дерегіне сәйкес, Қазақстанға алыс шетелден келген 1 турист орта есеппен 1 500 доллар көлемінде табыс әкеледі. Әр шетелдік турист екі жұмыс орнын ашуға себеп болады.

Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Нәтижесінде туристік қызметтен түскен салық мөлшері 389 миллиард теңгеге дейін жетіп, рекордтық нәтиже тіркелді. Оның ішінде еліміздегі орналастыру орындары 183 миллиард теңге табыс тапты.

"Елімізде соңғы екі жылда туризм саласында жұмыс істейтіндердің саны айтарлықтай өсіп, 500 мыңға жуықтады. Мәдениет және спорт министрлігі 2029 жылға дейін туризм саласында 800 мыңға жуық адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр", - деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!