"Мен Мәдиярмын, Мен Юлиямын": Бірнеше қаладағы McDonald’s атауы неге өзгерді?

"Мен Мәдиярмын, Мен Юлиямын": Бірнеше қаладағы McDonald’s атауы неге өзгерді?
Фото: Фото: top-news.kz

16 тамызда Food Solutions компаниясының Қазақстандағы McDonald’s жылдам тамақтану желісі 6 қаладағы атауын жаңартты. Бұрынғы "Біз ашықпыз/Мы открыты" жазуының орнына енді "Мен Араймын", "Мен Аружанмын", "Мен Даниярмын", "Мен Юлиямын", т.б. атаулары ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өзгерісті алматылықтар бірінші болып байқаған. Компанияның әр қаладағы бірнеше филиалына мына есімдер қойылған: Арай, Әсел, Аяжан, Бекзат, Диана, Динара, Мадина, Мадияр, Арман, Аружан, Аяулым, Малика, Назерке, Жұлдыз, Данияр, Александр, Әйгерім, Айдана, Әнел, Алина, Мөлдір, Юлия, Абылайхан және Әділет. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

 "Еліміздің 6 қаласындағы 24 филиалдың атауы өзгертілді. Жақын арада мұның себебін айтып, ресми түрде жаңалығымызбен бөлісеміз, - деді баспасөз қызметіндегілер.

Бірақ компания өкілдері бұл бастаманың ребрендинг екенін нақты айтпады.

PR маманы, журналист Ербол Азанбектің айтуынша, бұл пиардың бір түрі болуы мүмкін. Журналист бұл туралы Facebook парақшасына жазды.

"Естеріңізде болса, Қазақстандағы McDonald’s 2022 жылы жабылған. Орнына ресейлік "Вкусно – и точка" келеді деген. Бірақ, мына атауларға қарасақ, олар да, шетелдіктер де келмеген. Бұл не болуы мүмкін? Біріншіден, пиардың бір түрі. Бір шулатып алады да, нақты бренд атын іледі. Екіншіден, инвесторлар әртүрлі, сондықтан, осындай солянка атау. Үшіншіден, бизнес иесі, не басшылары, маркетологтары колаға мак қосып ішкен", - деп болжам жасады ол.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

А. Жайыққызы