Көршілердің кесірінен пәтерімді су басты, не істеу керек?

Көршілердің кесірінен пәтерді су басуы, көбіміздің басымыздан өтуі мүмкін жайт. Бұл жағдайда не істеп, қайда жүгіну керек? Қазақстандық заңгер Данияр Байғабатов Tengri Life-қа не істеу керек екенін толығырақ айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Көршілердің кесірінен пәтеріңізді су басса"

Үйге оралғаныңызда қабырғадан су аққанын немесе мүлде үйдің суға толы екенін байқасаңыз барынша тезірек су басу себебін анықтап, жойған жөн. Бірақ бөлмені тазалауды бастамас бұрын, зақымдану себептерін суретке немесе видеоға түсіру арқылы, дәлел алып қалу қажет.

"Сантехниктен басқа, ПИК өкілін шақырып, пәтерде қандай зақым болғанын жазып алу керек. Яғни, олар сізбен бірге пәтерді су басқаны туралы актіні толтырады. Бұл құжатты бір күн ішінде алған жөн. Егер, зиян көп болса, барлығын жазып алуы үшін учаскелік офицерді де шақыруға кеңес беремін. Және, мүмкіндігі болса, су алу ауқымын көрсету үшін жауапты пәтер иесін де шақырғаныңыз абзал", - деді ол.

Пәтерді су басу туралы актіде су ағу нақты қай жерде болғанын, оның ауқымын, бүлінген мүліктің егжей-тегжейлі тізімін көрсету керек. Мысалы, кір жуғыш машина (маркасы мен моделі), зақымдану дәрежесі қандай.
Актіде су басу себебі көрсетілуі керек (мысалы, № 12 пәтерде кран ашық қалған). Сондай-ақ, құжатта оны жасауға қатысқандардың барлығының қолы қажет. Барлығын фотосурет пен бейнеге түсіруді ұмытпаңыз. Су басқаны туралы суреттерді кейінірек басып шығарып, актіні толтырған адамдардың қолын қойдырып алу қажет. Бұл құжаттар сізге сотта пайдалы болуы мүмкін.

Данияр Байғабатов ерінбей залал сомасын айтатын тәуелсіз бағалаушыны да шақыруға кеңес береді. Бағалаушы беретін құжат болашақта сотта дауласуға көмектеседі, дейді заңгер.

"Лицензиясы бар бағалаушыны шақырған дұрыс. Су тасқынынан кейін кешіктірмей екі-үш күн ішінде шақыруды ұсынамын. Ол барлық зиянды тіркеп, сізге құжат беруі тиіс. Су тасқыны келтірген залалды жоюға байланысты барлық төлем чектерін сақтау маңызды. Бұл сотта көмектеседі", - дейді ол.

"Көршілер өтемақы өтеуден бас тартты"

Данияр Байғабатов мүлкіңіздің бүлінуіне жауапты көршілерге міндетті түрде жазбаша жүгіну қажет екенін атап өтті. Өтемақыны өтеу туралы талапты жазбаша қою өте маңызды.

"ПИК хабарламасынан кейін кінәлі пәтер иесі жасырынып қалатын жағдайлар болады. Бұл жағдайда сіз тапсырыс хатын жіберіп, оның осы хабарламаны алғанын бақылауыңыз қажет. Егер осы әрекеттердің барлығынан кейін ол адам мәселені бейбіт жолмен шешуден және шығындарды өтеуден бас тартса, онда жөндеу жұмыстары мен келтірілген залалға байланысты берешек сомасы бойынша арыз беруге құқылысыз", - деп түйіндеді сарапшы.

Осылайша, егер іс сотқа дейін жететін болса, сізге: су тасқыны туралы акт, тәуелсіз бағалаушының құжаты, төтенше жағдайға байланысты шығындар бойынша барлық тексеру (сантехник, электрик және т.б. шақыру), фотосуреттер мен бейнелер қажет болады. Қажетті құжаттар пакетімен сізде үш жыл ішінде сотқа жүгіну мүмкіндігі бар. Алайда, мәселені бейбіт түрде шешу мүмкін болмаса, адвокат кешіктірмей талап арыз жазған жөн деп кеңес берді.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз