Алматы маңында бала көлік айдап кетіп, жол апатына түскен

Алматы облысы Іле ауданында 16 жастағы бала көлікпен көшедегі газ құбырына соғылған. Облыстық Полиция департаменті бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео Instagram-дағы kris__p__almaty тобында пайда болған. Видеода жасөспірім көшедегі газ құбырына соғылғанын көруге болады. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. 

Алматы облысының Полиция департаменті мәліметінше, автокөлік иесі анықталған. Ол 1981 жылы туған Н. болып шықты, ол баланың анасы болса керек. Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалғаны айтылды. Бұл заңбұзушылық 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салуды көздейді.

"2007 жылы туған жасөспірім мінген көлік айып тұрағына қойылды. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін полиция қызметкерлері ата-анасымен және кәмелетке толмаған баланың өзімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Тәртіп бұзушыны жылдам анықтауға және ұстауға ықпал еткен ақпарат үшін азаматтарға алғыс айтамыз", - деді полиция департаментіндегілер.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!