Астанада әлеуметтік желі арқылы танысқан жігіт қыздың кофесіне есірткі қосып берген

Астанада әлеуметтік желі арқылы танысқан жігіт қыздың кофесіне есірткі қосып берген
Фото: © elements.envato.com

Астанада екі жастың таныстығы спайкингпен аяқталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға қыз арызданып, сырттай таныс адам кофеге есірткі затын араластырып бергенін айтқан. Тергеу әрекеттерін жүргізу барысында қыздың әлеуметтік желі арқылы жігітпен танысқаны анықталды. Жастар виртуалды таныстықтарын кездесумен жалғаған.

Кофе ішуге барған қыздың есінде ары қарай болған оқиға қалмаған.

Тәртіп сақшылары қаланың 33 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Барлық қажет сараптамалар тағайындалды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова