Асханасы жоқ мектептерде оқушыларға қалай тамақ беріледі? Министр жауабы

Асханасы жоқ мектептерде оқушыларға қалай тамақ беріледі? Министр жауабы
Фото: Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев асханасы жоқ мектептерде оқушыларға қалай тамақ берілетінін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Шенеунік Мемлекет басшысының бастауыш сынып оқушыларын тегін тамақпен қамту туралы тапсырмасы Үкімет деңгейінде бірнеше рет қаралғанын еске салды.

"Қазіргі таңда осы міндетті орындау үшін барлық жергілікті әкімдік қажет қаржыны бөлді. 1 қыркүйектен бастап 1 миллион 400 мың бастауыш сынып оқушысы тегін тамақтанады. Ал асханасы жоқ 669 мектепте Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, тамақтандырудың 3 тәсілін ұйымдастырамыз. Олар - кейтеринг қызметі, модулді асханаларды құру, буфеттік тамақтану", - деді Ғани Бейсембаев.

Шенеуніктің сөзінше, 1 қыркүйектен бастап балабақшаға баратын, тұрмысы төмен отбасыдан шыққан 97 мыңнан аса бүлдіршін де тегін тамақ ішеді.

Еске салайық, бұған дейін 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары тегін тамақпен қамтылатыны хабарланған еді.

Азамат Қойшығара

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Massaget.kz