ІІМ өкілі шетелдік көліктерді заңдастыру туралы: Қашанғы созыла береді?

Фото: видео кадры

Шетелдік көліктерді заңдастырмаған және тіркеуден өтпеген қазақстандық жүргізушілерге айыппұл салына бастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Осындай екі мыңнан аса көлік жүргізушісіне айыппұл салынды, 1,7 мың көлік айып тұрағына қойылды, деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Журналистердің, ІІМ барлық құжатты рәсімдеп үлгермегендерге мерзімді ұзартуды жоспарлап отырған жоқ па деген сауалына Сұлтанбаев эмоциямен көлік жүргізушілерінде уақыт жеткілікті болғанына айтты.

"2022 жылдың 1 қыркүйегінен кейін қанша уақыт өтті? Бір жыл мүмкіндік берілді, көлікті рәсімдеу керек еді ғой! Не мәселе бар? Қашанғы созыла береді? Біз қазір шамамен есептедік, 1 қыркүйекке дейін (биылғы) бәріне өз көлігін заңдастыруға уақыт береміз деп. Жоқ, олай болса оларға заң жүзінде шара қолдануға тура келеді. Басқа не істейміз? Көліктердің үнемі пайдаланылуына рұқсат бере алмаймыз ғой", - деді комитет басшысы.

Ол барлығы заң аясында болуы керек деп қосты. Бүгінде заңдастыруға жатпайтын 15 мыңға жуық шетелдік автокөлік уақытша тіркеуге алынған.

"2023 жылдан кейін әкелінген және қазіргі уақытта заң бұза отырып жүргізіп жүрген азаматтарға келсек, сақтандыру мерзімі өтіп кеткен азаматтардың бұл көлікті жүргізуге құқығы жоқ. Тиісінше, әкімшілік кодекс бойынша заң аясында 10 АЕК (34 500 теңге) көлеміндегі айыппұл жауапкершілікке тартылады. Бұл бірінші ретке. Біз қазірдің өзінде осындай алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз", - деп қосты Қайсар Сұлтанбаев.

Қайталап тәртіп бұзған жағдайда полиция хаттама жасап, көлікті айып тұрағына апара алады.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан