"Төсек сахнасы одан қалды түсірілім алаңында ішіп жүрдім". Актер Ерболат Әлқожа кинодағы құпиясын бөлісті

"Төсек сахнасы одан қалды түсірілім алаңында ішіп жүрдім". Актер Ерболат Әлқожа кинодағы құпиясын бөлісті
Фото: видеоскрин

Актер Ерболат Әлқожа "Бақыт" фильмі өте ауыр болғанын, тіпті түсірілім алаңында ішімдік ішіп жүргенін айтты. Бұл туралы өнер иесі Әйел энергиясы бағдарламасына берген сұхбатта әңгімеледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Актер Ерболат Әлқожа киноға арнайы шақырылып түскенін, бірақ та "Бақыт" фильмі моральды тұрғыда өмірі үшін өте ауыр болғанын жеткізді.

© "Бақыт" фильмінен алынған кадр

"Маған хабарласып, сценарийді жіберді. Мен оқып шықтым, сосын мен келістім ойнаймын деген кезде маған әйеліңнен сұрадың ба? деді. Мен тоқтап қалдым. Содан не керек, әйеліме сценарийді жібердім. Оқып болғаннан кейін маған ойнағың келе ме сенің деді. Иә, ойнағым келеді дедім. Ойна мынау жақсы кино деді. Мен оған кинода төсек сахналары болатынын айттым. Сценарийде былай жазылғанымен түсірілім алаңында одан да күрделі болуы мүмкін тіпті тыр жалаңыш шығуым да мүмкін екенін ескерттім. Бірақ әйелім қарсылық танытпады", - дейді актер.

© видеодан алынған кадр

Актер киноға продюсерлік еткен Баян Алагөзованың өзі қабылдап алғанын, фильмде қиын сахналар көп болғанын тіпті түсірілім алаңында ішкілікке салынғанын жеткізді.

"Кино өте ауыр. Біздің менталитетке қарама-қайшы, дегенімен бірақ біздің қоғамда орын алып жатқан оқиға. Менің ойнау қабілетім, барлығы түсірілім алаңында келіп тұрды. Дегенмен маған режиссер сен жақсы келіп тұрсың, бірақ түрің алқашқа ұқсамайды деді. Мен не істеуім керек бұл жағдайда? Сұрадым, кеңес алдым. Бірақ маған ішесің деді. Амал жоқ түсірілім алаңында ішіп жүрдім", - дейді Ерболат Әлқожа.

© instagram.com/erbolatalkozha

Психологқа 1 жыл бардым

"Шыны керек, дәл осындай сахналар маған өте ауыр тиді. Осымен екінші рет менің осылай ауыр сахналарды ойнап, образдан шыға алмай қалуым болды. Жасыратыны жоқ ешкімге айтпай, психологқа барып жүрдім. Тіпті осы фильмнен кейін бүкіл әйел адамдарға өшпенділік болды. Қыз-келіншектерді жек көре бастадым", - дейді ол.

Айта кетейік, актер Ерболат Әлқожа "Бақыт" фильміндегі рөлі үшін Испаниядан арнайы "ең үздік актер" номинациясын жеңіп алды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы