Қарбызды нанмен қосып жеу қаншалықты дұрыс? Нутрициолог жауап берді

Қарбызды нанмен қосып жеу қаншалықты дұрыс? Нутрициолог жауап берді
Фото: pixabay.com

Қарбыз әдетте жеуге қауіпсіз жеміс. Алайда оны қолданған кезде кейбір жайттарды ескеру қажет. Бұл жайлы "Вечерняя Москва"-ға нутрициолог Елена Мановска айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Құрамында магний мен антиоксиданттардың көп болуына байланысты қарбыз гипертониялық науқастарға және қандағы холестерині жоғары адамдарға өте пайдалы. Бұл жеміс түрі ісінуді азайтады, бірақ, бүйрегініңізде тас болса, қарбыз жеуден сақтанғаныңыз жөн.

Жедел ішек инфекциялары мен улануды болдырмау үшін қарбызды жақсылап жуу маңызды. Қарбыздың құрамында табиғи қант бар, яғни гликемиялық индекстің пайызы жоғары, сондықтан қант диабеті және артық салмағы бар адамдар оны шектеулі мөлшерде жеуі керек.

Елена Мановска сирек жағдайларда адамда қарбызға аллергиялық реакциялар болуы мүмкін екенін айта өтті.

Өнімді тұтынғаннан кейін бөртпе, қышу пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, дәрігерлер сүттен, балдан, балықтан кейін қарбыз бен қауын жеуге болмайтынын айтады.

Жаздың күні көбіміз қарбызды нанмен қосып жеп жатамыз. Бірақ, дәрігерлер бұл әдеттің де дұрыс емес екенін айтады. Қарбыздың жоғары гликемиялық индексі бидайдың жоғары индексіне қабаттасып, нәтижесінде ішек проблемасы туындауы, қандағы қант мөлшерінің көбеюі мүмкін.

Қарбызды қысқа қалай сақтаймыз? Мына жерден оқыңыз.

А. Жапатова