Ресейлік тележүргізуші Назарбаевтың күйеубаласымен танысуы туралы: "Күліп жібермейін деп өзімді әрең ұстадым"

Ресейлік тележүргізуші Назарбаевтың күйеубаласымен танысуы туралы: "Күліп жібермейін деп өзімді әрең ұстадым"
Фото: instagram.com/realradioutkin

Спорт журналисі, актер және шоумен Василий Уткин Әлия Назарбаеваның екінші күйеуі Данияр Хасеновпен қалай танысқаны туралы айтып берді. Ол кезде Хасенов "Локоматив" футбол клубының құрамында болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Уткин YouTube-арнасында айтты. Василий Уткиннің сөзінше, ол Назарбаевтың күйеубаласымен 2009 жылдары танысқан екен. 

Уткин Хасеновке Қазақстан футболының болашағы туралы және Әлия Назарбаеваның күйеуі Қазақстан Футбол федерациясын басқаруы мүмкін бе деп  сұраған. 

"Ол "Мен үнемі сол жайлы ойлаймын. Бірақ әзірге ойыншы ретінде карьерамды аяқтаған жоқпын" деді. Мен "қалайша" деп сұрадым. Сөйтсем, ол жігіт астаналық "Локомотив" үшін орталық шабуылшы ретінде толық маусымды өткізбек болған екен! Шынымды айтсам, осы жерден бәрі түсінікті болды, күліп жібермейін деп әрең ұстадым. Бірақ шыны керек, Тхонов пен Титовтың бұл кезеңдегі карьерасына қатты мән бермеу керегін түсіндім", - дейді Уткин. 

Яғни спорт сарапшысы Уткиннің клуб президентінің бір уақытта орталық шабуылшы болғысы келетініне күлкісі келген екен. 

Айта кетейік, Данияр Хасенов пен Әлия Назарбаева шамамен 2002 жылы үйленген. Олардың екі қызы бар. Хасенов түрлі компания мен қаржы құрылымдарында жұмыс істеді, содан кейін 2007 жылы "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ жаңа жобалар бойынша басқарушы директоры қызметін атқарған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина