Төрт жыл бұрын із-түзсіз жоғалған солтүстікқазақстандық өлі табылды

Төрт жыл бұрын із-түзсіз жоғалған солтүстікқазақстандық өлі табылды
Фото: instagram/volontery_almaty_lider.kz

Осыдан төрт жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram парақшасында хабарлады.

Қызылжар ауданы Налобин ауылында 1960 жылы туған Мадей Олег Станиславович жоғалып кеткен.

2019 жылғы 31 тамызда ер адам үйден шығып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Оның үстінде шамамен сұр түсті күртеше, жиегі және торы бар қалпақ (шляпа),  батпақта киетін ұзын қонышты етік болған.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан