Түркістан облысында тұрғын өз ауылына көпір салып берді

Түркістан облысында тұрғын өз ауылына көпір салып берді
Фото: Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы Отырар ауданы Ескі Шілік елді мекенінде ауыл арасын жалғайтын Беларық каналының бойынан көпір салынып, пайдалануға берілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Көпірді ауыл тұрғыны Нұрсейіт Құдіретілләұлы жерлестеріне арнап салып берген.

Көптің тілеуін орындаған азамат елдің батасын алды.

Ауыл тұрғындары көпір салып, игі іс жасаған азаматтың иығына шапан жауып, құрмет көрсетті.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

М. Лұқпан